«Жеңімпаз даңқы» автошеруіне қатысушылар жеңіл көлікпен ТМД-ның 6 елін аралап шықпақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Жеңімпаз даңқы» автошеруі сапарға шықпақ. Ұйымдастырушылар командасы бірнеше күн ішінде ТМД аймағының 6 елін жеңіл көлікпен аралап шықпақ.

«Бұл шараның басты мақсаты жастардың патриоттық сана сезімін ояту, Қазақстан ғана емес, соғыс болған елдердің қоғамында ортақ ерлік туралы ой тудыру», - деді ұйымдастырушылардың бірі Әлібек Бегалинов.
Команда Ресей, Эстония, Латвия, Литва, Германия елдерін аралап, батыр қалалар: Волгоград, Тула, Мәскеу, Санкт-Петербордағы Мәңгілік алауларға гүл шоқтарын қойып, қазақ диаспораларымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар