+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Жеңімпаз болу үшін жеңу міндетті емес: шетелдік БАҚ Головкинді Мұхаммед Әлиге ұқсатты

2019 жылғы 2 қаңтар 20:00
Бөлісіңіз:
Жеңімпаз болу үшін жеңу міндетті емес: шетелдік БАҚ Головкинді Мұхаммед Әлиге ұқсатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік Thegruelingtruth.net порталы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Сауль Альвареспен жекпе-жектерінен кейінгі феномені туралы жазды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Енді GGG кейінгі жылдардағы Мұхаммед Әли сияқты ғаламдық супержұлдыз. Ол да спорттағы шалағай әрі мызғымайтын процестердің арқасында екі рет зәбір көрген, өз-өзіне көмектесе алмайтын адамға ұқсап тұр. «Канелоның» жеңісі жанға жағымды көрінгенімен, оның ел ішіндегі танымалдығының өсуіне айтарлықтай көмектеспейді. Ал Геннадий Головкиннің көңілін қалдырған екі даулы шешім оның жанкүйерлерінің санын арттырып, боксшыны ғаламдық культке айналдырды. Жеңімпаз болу үшін жеңу міндетті емес. Бұл бокс. Бұл өмір», - деп жазады портал.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізді. Қарсыласы - мексикалық Сауль Альварес болатын. Бұл кездесу әділқазы шешімімен мексикалық боксшының жеңісімен аяқталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT