Жеңілмеген қазақстандық чемпион WBC рейтингінде жекпе-жексіз көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде өз позициясын жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

WBC рейтингінің жаңартылған нұсқасында суперорта салмақта Айдос Ербосынұлы 12-ші орыннан 11-шіге көтерілді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы желтоқсан айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Сол кезде ол Гана боксшысы Исса Самирді (19-1,16 КО) нокаутқа жіберген еді.

Ербосынұлы WBC Asia, WBA International және WBO Global үш чемпиондық титулға ие.

Былтыр Айдос Ербосынұлы екі жекпе-жек өткізіп үлгерді.

Исса Самирмен жұдырықтасудан бөлек, шілде айында Нигерия тумасы, неміс боксшысы Нуху Лавальмен (27-8, 15 КО) айқасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен.

Биыл Ербосынұлы әзірге рингке шыққан жоқ.

Соңғы жаңалықтар