Жеңілмеген қазақ боксшысының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еш жеңіліп көрмеген қазақ кәсіпқой боксшысы Мұса Тұрсынғалиевтің (9-0, 6 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

BoxRec.com басылымының хабарлауынша, Тұрсынғалиевтің келесі айқасы 12 шілде күні Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel and Casino аренасында болады. Қарсыласы әзірге белгісіз. Жартылай жеңіл салмақ санатында өтетін кездесу 8 раундқа шақталған.

Бокс кешінде тағы бір қазақ боксшысы Иван Дычко (8-0, 8 КО) рингке көтеріледі, оның қарсыласы бразилиялық Рафаэль Зумбано (39-16-1, 31 КО) болмақ.

Еске сала кетейік, Мұса соңғы жекпе-жегін де дәл осы аренада өткізген болатын. 1 наурыз күні ол америкалық Винсент Дженнингсті (6-7-2, 4 КО) ұпай санымен жеңген.

Соңғы жаңалықтар