Жеңілмеген боксшы Мұса Тұрсынғалиевтің кезекті қарсыласы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 жастағы Мұса Тұрсынғалиев (8-0, 6 КО) 1 наурыз күні Холливуд қаласында (Флорида штаты, АҚШ) келесі жекпе-жегін өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

BoxRec.com таратқан хабарларға сенсек, ол 34 жастағы жергілікті боксшы Винсент Дженнингспен (6-5-2, 4 КО) айқасады. Жартылай жеңіл салмақтағы кездесу сегіз раундқа жоспарланған. Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасындағы бокс кеші Астана уақытымен 2 наурыз күні таңертең басталады.

Мұса соңғы жекпе-жегін 28 қыркүйек күні осы аренада өткізіп, төрешілердің шешімімен колумбиялық Дейви Хулио Бассаны (20-6, 12 КО) жеңген болатын.

Еске сала кетейік, спортшы жуырда ғана WBA International титулын алуға әрекет ететіндігін мәлім еткен еді.

Соңғы жаңалықтар