+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Жеңіліс тауып көрмеген британдық боксшы Жақияновпен кездескісі келеді

2017 жылғы 23 ақпан 02:07
Бөлісіңіз:
Жеңіліс тауып көрмеген британдық боксшы Жақияновпен кездескісі келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Райан Барнетт (15-0, 9 КО) ағымдағы жылы қазақстандық Жанат Жақияновпен (27-1, 18 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлауда.

Sports.kz-тің Sky Sports-қа сілтеме жасап хабарлауынша, бұрын Жақияновпен бірге жаттыққан Барнетт жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшының WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын тартып ала алатынына сенімді.


«Біз Жақияновпен бірге Рикки Хаттонның жетекшілігімен бір залда жұмыс істедік. Ол мықты боксшы және дивизионның көптеген жауынгерлері одан алшақ жүретін. Бірақ мен бұл айқастың болғанын қалаймын және жеңіске жетемін деп ойлаймын», - деді Барнетт.

Еске салайық, 11 ақпан күні Жанат Жақиянов америкалық Роши Уорренді (14-2, 4 КО) жеңіп, WBA Super және IBO-ның жеңіл салмақтағы титулына ие болды.

Қазақстандық боксшы аталмыш жеңісінен кейін Boxingscene.com рейтингінде тоғызыншы орыннан екіншіге көтерілді. Сондай-ақ Жақияновтың жеңіп алған WBA Super және IBO белбеулері, Қазақстанды кәсіпқой бокстағы титулдар саны бойынша әлем елдерінің бестігіне енгізді. Енді қазақстандықтардың қоржынында төрт белбеу: үшеуі (WBA Super, WBC және IBF) Геннадий Головкинде (36-0, 33 КО) және біреуі (WBA Super) Жақияновта бар. Одан бөлек, екі боксшы да IBO титулын иемденген. Алайда, салыстырмалы түрде оның беделі төмен болып есептелінеді. Қазақстан чемпиондық титулдар саны бойынша бесінші орынды Филиппинмен бөліседі. Бірінші орынды АҚШ (12) алса, кейінгі орындарда Ұлыбритания (9), Жапония (8) және Мексика (7) тұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT