+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Жеңіліп көрмеген супер ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы АҚШ-та айқасады

2021 жылғы 4 қаңтар 13:35
Бөлісіңіз:
Жеңіліп көрмеген супер ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы АҚШ-та айқасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ешкімнен жеңіліп көрмеген қазақстандық супер ауыр салмақтағы боксшы Изим Избакидің (3-0, 2 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан әлем чемпионаты: Серік Теміржанов жарысты жалғастырады Бокстан әлем чемпионаты: Шаршы алаңға бүгін екі қазақстандық шығады Қазақстаннан Сербияда өтетін Əлем чемпионатына кімдер барады

BoxRec.com мәліметінше, Изимнің рингке оралуы 10 ақпанға, АҚШ-тың Коннектикут штатында жоспарланған. Ал жекпе-жегі өтетін орны мен қарсыласы кім болатыны әзірге айтылмайды.

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қазан айында, Американың Мичиган штатының Флинт қаласында өткізген еді. Онда ол бірінші раундта жергілікті боксшы Трой Олбрингті (0-3) нокаутқа түсірді.

26 жастағы Избаки кәсіпқой бокс алаңына алғаш рет 2018 жылы Эстонияның Таллин қаласында шықты. Онда Изим Бенларусь боксшысы Олег Заблоцкийді (0-9) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#АҚШ   #Бокс  
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT