Жеңіліп көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов WBO чемпионы титулын сәтті қорғады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов әлем чемпионы атағын сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында ол Instagram парақшасында жазды.

«Аллаға шүкір! Белбеуді қорғадық. Жанкүйер болып қолдау көрсеткендерінізге көп рахмет. Алға, Қазақстан» деп жазды Мейірім Нұрсұлтанов.

Қазақ боксшысы Польшаның Люблин қаласында өткен кәсіби бокс кешінде аргентиналық Марсело Эстебан Косероспен жекпе-жекке шыққан болатын.

Орта салмақтағы айқас он раундқа шақталған, қос үміткер Мейірім Нұрсұлтановқа тиесілі WBO International чемпионының белбеуін сарапқа салды.

Әділқазы бір ауыздан қазақстандық боксшы жеңіске жетті деген қорытынды жасады.

Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кәсіби бокстағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді және WBO International атағын екінші қайтара жеңіп алды.

Мейірім әзірге жеңіліп көрген жоқ. Ал оның қарсыласы аргениналық Косеров осымен бесінші мәрте жеңіліп отыр.

Еске сала кетейік, жылдың басында Мейірім Нұрсұлтанов Ақтауда өткен бокс кешінде ресейлік Андрей Сироткинді жеңіп, WBO International титулын иеленген.

Кездесу 10 раундқа есептелген болатын. Алайда ресейлік боксшының қабағы жарылып, кездесуді әрі қарай жалғастыра алмауына байланысты жекпе-жек 5-раундта аяқталды.



Фото: instagram.com/meiirim.nursultanov




Соңғы жаңалықтар