Жеңіліп көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов он екінші рет жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі он екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Ресейдің Челябинск қаласында, WBO белбеуіне таласқан боксшылар Сергей Ковалев – Энтони Ярд айқасының андеркартында өнер көрсеткен болатын.

Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповпен (15-1, 10 КО) кездесу өткізді. Он раундқа шақталған орта салмақтағы айқас Мейірімнің жеңісімен аяқталды. Әділқазы бірауыздан осылай деп шешті.

Осылайша, Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы он екінші жеңісіне қол жеткізді. Ол осы уақытқа дейін бір де бір рет жеңіліп көрген жоқ. Ал Осипов жеңілістің ащы дәмін екінші рет татып отыр.


Соңғы жаңалықтар