Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы америкалықпен кездесу өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіліп көрмеген қазақстандық Бақтияр Эюбов (13-0, 11 КО) америкалық боксшы Николас Гивхэнмен (21-1-1, 11 КО) айқас өткізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Америкалық өзінің Фейсбуктегі парақшасында жекпе-жектің алдында салмақ өлшеу рәсіміндегі суретін жариялап, «Бір ғана король бар» деп жазды. Сондай-ақ, IBF өңірлік титулының суретін «Мынаны алатын уақыт келді» деген жазбамен жариялады.

Эюбов - Гивхэн жекпе-жегі 22 маусымда Детройтта өтеді. Бұл кеште екінші орта салмақтағы IBF және WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Кларисса Шилдс (5-0, 2 КО) пен костарикалық Ханна Габриэльс (18-1-1, 11 КО) кездеседі.

Еске салайық, Баха Пуля деген лақап атпен танымал болған Бақтияр Эюбов (13-0, 11 КО) 2012 жылдың ақпанында кәсіби рингте сәтті дебют жасаған болатын. Мұның алдында Кларисса Шилдстің андеркартында өтуі тиіс жекпе-жек қарсыласының қасының кесіліп кету салдарынан болмай қалған еді. 

Соңғы жаңалықтар