Жеңіліп көрмеген қазақстандық чемпиондар WBA рейтингінде жоғарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) мен Сұлтан Зәуірбек (12-0, 8 КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингіндегі көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

WBA ауыр салмақ рейтингінде Кособуцкий 10-орыннан 9-орынға көтерілсе, Зәуірбек екінші жеңіл салмақта серпіліс жасады - 13- орыннан 10-ға көтерілді. Кособуцкий WBA International және WBC International Silver чемпионы, ал Зәуірбек WBO Еуропа чемпионы және WBC жастар арасындағы чемпион белбеуінің иегері.

Тағы бірнеше қазақстандық боксшы WBA рейтингінде өз орнын өзгерткен жоқ: Евгений Павлов (6-0, 4 КО) екінші жеңіл салмақта 7-орында, Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) — супер орта салмақта 12-орында, Серік Мұсадилов (11-0, 9 КО) - бірінші ауыр салмақта 12-орында.


Соңғы жаңалықтар