Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшының келесі айқасы АҚШ-та өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) кезекті айқасын 15 ақпанда АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жекпе-жек Малвэйн қаласында өтеді (Канзас штаты). Отандасымыздың қарсыласы әзірге белгісіз, айқас сегіз рандқа есептеліп отыр.

Сондай-ақ, осы кеште рингке Қазақстанның тағы бір өкілі, ауыр салмақтағы боксшы Ізім Ізбақи (1-0, 1 КО) шығады. Ол алты раундтық айқас өткізбек. Оның қарсыласы де кейінірек анықталады.

Бұдан бөлек, осы шоудың аясында Германияның атынан Қазақстанда туған Кристина Хаммер (23-0, 10 КО) орта салмақта айқас өткізеді.

Соңғы жаңалықтар