Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы кәсіби рингте жетінші рет қарсыласын тізе бүктірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 жастағы қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (6-0, 3 КО) кәсіби рингтегі кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бүгін ол Екатеринбургте (Ресей) екінші жартылай жеңіл салмақта филиппиндік Венсон Делоперемен (6-3-4, 2 КО) алты раундтық жекпе-жек өткізді.

Осылайша, Станислав кәсіби мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізсе, қарсыласы төртінші рет сүрінді. Калицкий 2017 жылы қыркүйекте кәсіби рингте дебют жасап, сол жылы үш рет нокаутпен жеңген еді. Бірақ, 2018 жылы ол үш рет төрешілердің бірауыздан қабалдаған шешімімен жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар