Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы IBF рейтингінен шығып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясының әр ай сайынғы рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлайды Sports.kz

Рейтингтегі еліміздің жалғыз өкілі Қанат Ислам (25-0, 20КО) болып қала береді. Ол бірінші орта салмақ дәрежесі тізімінде сегізінші орынды сақтап қалды. Бұған дейін сегізінші орында келе жатқан жартылай орта салмақ дәрежесіндегі Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) ТОП-15-тен шығып қалды. Мансабын аяқтаған Жанат Жақиянов (27-2, 18 КО)  та аса жеңіл дивизион рейтингінің тізімінде бұдан былай болмайды.

Ислам мен Тұраров қазіргі таңдағы соңғы жекпе-жектерін өткен жылы 9 қыркүйекте өткізген болатын. Қанат кештің маңызды кездесуінде техникалық нокаутпен канадалық Брэндон Кукты (20-1, 13 КО)  жеңсе, Жанқош төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімінің нәтижесі бойынша аргентикалық Бруно Леонардо Ромайдан (21-5, 18 КО) басым түсті.

Ал Жақияновтың мансабындағы соңғы жекпе-жегі 21 қазан күні Белфаста (Солтүстік Ирландия) өтті. Ол кезде қазақстандық төрешілердің шешімімен жергілікті боксшы Райан Барнеттен (19-0, 9 КО) жеңіліп, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулынан айырылған еді. 

Соңғы жаңалықтар