Жеңілдікпен үй алып беремін: Шымкенттік 35 адамды алдап кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жеңілдікпен үй алып беремін деген алаяқ әйел 35 адамды алдап кеткен. Күдікті жәбірленушілерге миллион теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әл-Фараби ауданындағы полиция бөліміне  алаяқтың құрбаны болған он шақты тұрғыны арызданған.

Олардың сөзіне қарағанда, алаяқ әйел оларды  мемлекеттік бағдарламамен үй және ақша алып беремін деп, ақшаларын алып кетіпті. Осыдан кейін тәртіп сақшылары  бірнеше алаяқтық оқиғасына қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы әйелді ұстады. Тергеу барысында сезіктінің  азаматтардың сеніміне кіріп, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша ақша және үй алып беруге көмектесемін деп алдағаны анықталды.

Полицейлер тергеу барысында күдіктінің 35 оқиғаға қатысы барын анықтады.

Дәл осындай алаяқтық қылмысы шаһардың Қаратау, Еңбекші аудандарында да тіркелді. Еңбекші полиция бөлімінің қызметкерлері 25 алаяқтық іске қатысы бар деген 28 жастағы сезіктіні ұстады. Тергеу барысында оның қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарламамен ақша алуға көмектесетінін айтып, әр жәбірленушіден 50 мың теңгесін алып отырғаны анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі миллион теңгеден асады. Ал, Қаратау ауданының  полицейлері осы тектес қылмыстармен Шымкент қаласының 1987 ж.т тұрғынын ұстады. Ол облыс орталығының үш тұрғынын алдап, жәбірленушілерге шамамен миллион теңге шығын келтірген.

Қазіргі таңда барлық алаяқтық оқиғалар бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен («Алаяқтық») іс қозғалып,  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Соңғы жаңалықтар