Жеңілдікпен үй алмақшы болған семейлік жарты млн теңгесінен айырылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны жеңілдікпен үй аламын деп 500 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алаяққа алданып қалған 31 жастағы семейлік полицияға хабарласқан. Өз сөзінде ол шаһардағы азық-түлік дүкендерінің бірінде белгісіз біреудің әңгімеге тартып, жылжымайтын мүлікті жеңілдетілген бағада сататындығын айтқанын жеткізді.

Әйел адамға сеніп қалған жәбірленуші 500 000 теңге ақшасын бере салған. Алайда араға біраз уақыт салып алаяқтың тұзағына түскенін түсінді.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері Семей қаласының 44 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар