+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жеңілдетілген шағын несие деп елді алдаған алаяқ ұсталды

2020 жылғы 3 маусым 03:20
Бөлісіңіз:
Жеңілдетілген шағын несие деп елді алдаған алаяқ ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда онлайн микронесие алып беремін деп клиенттердің картасындағы ақшаны жымқырған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 12-қабаттан секірген аса қауіпті қылмыскер ұсталды Алматылықтар коронавирустан қалай емделіп жатыр- сауалнама Қоймалардан жіберілетін дәрі-дәрмектердің көлемі жеті есеге өсті - Саида Ерденбекова

24 жастағы жігіт жарнама сайтында қаржылық қызметтерге, атап айтқанда жеңілдетілген шарттармен микронесие беру туралы хабарландыру жариялады.

Жұртшылықты төмен пайыз бен жеңіл шарттары қызықтырған.

«Тек 2015 жылдан бері ол төрт рет алаяқтық әрекеті үшін және бір рет қарақшылық үшін жауапқа тартылды. Адамдар оның жарнамасына сеніп, онымен хабарласқаннан кейін ол келісімшарт жасағаны үшін төлем ретінде жалпы соманың 10 пайызын талап етті. Бұдан әрі, микронесие бойынша ақша аудару үшін «клиент» жеке мәліметтерін: жеке куәлігін және банктік картаның фотосын екі жағынан ұсынуы керек болған. Банк карточкаларының нөмірін және картаның артқы жағында көрсетілген CVV кодын біле отырып, «қарыз алушы» букмекерлік кеңселердің интернет-терминалдары арқылы ақша аударады. Ол ешкімге қаржылық қызмет көрсетпейтіні анық. Қазір оған қатысты алаяқтыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қаншалықты ашық болса да адамдар киберқылмыскерлердің құрбаны болмас үшін жеке деректерді, сондай-ақ банктік карта деректерін үшінші адамға бермеу керектігін ұмытпауы керек», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT