+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Жеңілдетілген несие өз кәсібімді кеңейтуге мүмкіндік берді - кәсіпкер

2020 жылғы 7 ақпан 18:23
Бөлісіңіз:
Жеңілдетілген несие өз кәсібімді кеңейтуге мүмкіндік берді -  кәсіпкер

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жеңілдетілген несие ауылдағы кәсіпкерлерге мүмкіндік ашты. Бұл туралы Шардара ауданындағы «Азамат» шаруа қожалығының басшысы Айбас Досымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Инара Намазбаева: Біріксек, біз алмайтын қамал жоқ Елорданың жедел штабы карантин кезінде қызметі тоқтауы тиіс нысандардың тізімін жариялады «Бастау» бағдарламасы: Ақтөбе облысының аудандарында шағын цехтар бетперде тіге бастады

«Ауыл шаруашылығы саласында түрлі реформалар қолға алынып, соның нәтижесінде бүгінде жеке кәсіпкерлік жолға қойылды. Біз де қарап жүрмей өзімізге тиесілі он гектар жерді игеру үшін «Азамат» шаруа қожалығын құрып, жұмыс бастадық. Алғашқы жылдары егін егу үшін мақта зауыттарынан несие алуға мәжбүр болдық. Олардың қайтарымы қиыға соқты. «Сыбаға» бағдарламасы қабылданып, 2013 жылы 8,5 миллион несие алдық. Техникаларымызды жаңалап, егін, мал шаруашылығын қатар алып жүруге қол жеткіздік», - дейді Айбас Досымбаев.

Шаруа қожалығы өткен жылы табысты жұмыс істеген.

«Өткен жылы қарыздан толық құтылып, жеңілдетілген жолмен, яғни, лизингпен трактор алдық. Бүгінде екі жүк көлігі, бір тракторымыз бар. Егістік алқапқа мақта, жем-шөп егеміз. Мал азығын өзіміз дайындаймыз. Мұның бәрі біз сияқты шаруашарға берілген көмектің нәтижесі. Бір сөзбен, айтқанда, жеңілдетілген жол бизнеске жол ашты», - дейді кәсіпкер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT