Жеңілдетілген автонесиемен айналысатын қор бәсеке шарттарын бұзды деп айыпталды
2022 жылғы 20 мамыр 17:30

Жеңілдетілген автонесиемен айналысатын қор бәсеке шарттарын бұзды деп айыпталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне «Евразия» СК» АҚ сақтандыру компаниясынан шағым түскен. Онда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның бәсекені шектейтін әрекеттері туралы айтылған. Осыған байланысты агенттік қорға аталған әрекеттерді тоқтату жөнінде ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қор лизинг алушымен жасасатын шарттың талаптарына сәйкес лизинг заттарының және/немесе кепіл заттарының әрбір санатына қатысты сақтандыру қажеттігімен байланысты тәуекелдерді сәйкестендіреді.

2021 жылғы қаңтарда қор сақтандыру компанияларының пулын құрды.

Оған «Халық» сақтандыру компаниясы» Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» АҚ, «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ, «Қазақмыс» СК» АҚ, «SINOASIA B&R» СК (Синоазия БиЭндАр) АҚ және «Виктория» СК» АҚ кірді.

Өтінішпен жұмыс істеу шеңберінде БҚДА лизинг шартын жасасу кезінде қор лизинг алушыларға пулға қатысушы компаниялармен лизинг нысанасын сақтандыру шарттарын жасасуға кеңес бергенін анықтады.

Қордың мұндай әрекеттері сақтандыру нарығындағы бәсекені шектейді, себебі олар пулға қатысушыларға негізсіз артықшылықтар береді.

«Монополияға қарсы органның ескертуі алынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуға тиіс. Белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда, Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына сәйкес тергеу жүргізіледі» деп мәлім етті агенттік.


Jańalyqtar

MURAǴAT