Жеңілдетілген автонесие резервінде 8 мың көлік бар
«Алғашқы күндері Hyundai зауыты 1,8 мыңнан астам автомобильмен қамтамасыз етіп, олар бірден броньдалды. Тағы да 2,5 мыңнан астам автомобиль жеткізу жоспарланып отыр. Шілдеден бастап ай сайын 4 мыңнан астам Hyundai көлігі жеткізіледі», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, «Сарыарқа автоөнеркәсіп» зауытында да жағдай осындай.
«Сарыарқа автоөнеркәсіпте» 32 көлік түрі бар. Олардың Қазақстандағы автосалондарда 4 мыңнан астам көлігі тұр. Зауытта тағы 3,5 мыңнан астам автомобиль дайын. Маусым айынан бастап 6,9 мыңнан астам автомобиль жеткізіледі», - деді Ербол Сейпілов.
Ал Қазақстанның автобизнес қауымдастығының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Қайрат Еламанов қазіргі уақытта 8 мың автомобильдің резервте тұрғанын айтады.
«Олардың басым бөлігі - Chevrolet. Өйткені, соңғы айларда осы марканың танымалдығы артты. Одан кейінгі орындарда - Hyundai, Kia, Jac, «Лада» көліктері тұр. Автомобиль жеткізуге қатысты айтар болсақ, зауыттар өз жоспарларымен жұмыс істеп, мүмкіндігінше өндіріс көлемін арттыруда. Жалпы, апта сайын дилерлік орталықтарға көліктер жеткізіліп жатыр. Сондықтан да резервтегі 8 мың автомобиль бүкіл бағдарламаға жасақталмаған. Яғни, апта сайын автосалондарға жаңа көліктер жеткізіледі», - деді ол.