Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға қатысты ұсыныстар қағаз күйінде қалып келеді – сенатор

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға қатысты ұсыныстар қағаз күйінде қалып келеді. Бұл туралы Сенат депутаты Әлімжан Құртаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміз Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өндірісті дамыту, оның ішінде өңдеу өндірісін дамытуға баса көңіл бөлу керектігін айтты. Шынында да тауарды шикізат күйінде сатқаннан гөрі, өңделген тауарды сатқан кезде қосымша құн салығы бірнеше есе артатыны белгілі. Ел Президентінің тапсырмасымен өткен жылы «Өнеркәсіп саясаты туралы» арнайы заң қабылданған болатын. Осы заңның аясында өнеркәсіпті дамытуға қолдау көрсету, өнеркәсіпті қамтамасыз ету мәселелерінің бәрі қаралған», - деді Ә. Құртаев.

Оның айтуынша, жеңіл өнеркәсіп саласы да кешегі одақтың кезіндегі Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 17 пайызды құраған болатын.

«Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіптің жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 1 пайызға жетпей отыр. Бұған бірнеше рет Парламенттік тыңдау өткізілген болатын. Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Үкіметке ұсыныстар да жіберілді. Өкінішке қарай, ұсыныстардың барлығы қағаз күйінде қалып келе жатыр», - деді сенатор.


Соңғы жаңалықтар