Жеңіл көлік Павлодардағы сот ғимаратына соғылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Педальды шатастырып алған Павлодар қаласының тұрғыны сот ғимаратына кіріп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2 шілдеде сағат 21:45-те Павлодар қаласының 29 жастағы тұрғыны Дүйсенов көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан № 2 сот ғимаратының қоршауы мен кіре берісіне өз көлігімен кіріп кеткен.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына немқұрайлылық себеп болғанын анықтады. Көлік жүргізушісі «Toyota Camry» маркалы көлігін тұраққа қою кезінде педальды шатастырып, металл дуал-қоршауға, одан кейін ғимараттың кіреберісіне соғылған.

Сараптама қорытындысы бойынша жүргізуші сау болған. Келтірілген залал мөлшері анықталғаннан кейін ол ҚР ӘҚБТК «Адам денсаулығына зиян келтіретін, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке нұқсан келтіретін көлік құралдарының жүргізушілерінің жол ережелерін бұзуы» бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Соңғы жаңалықтар