Жеңіл атлеттер Өскеменге жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Өскемен қаласында үшінші оқу-жаттығу жиындарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, Өскеменде жалпы 18 атлет 23 желтоқсанға дейін жаттығу жасамақ.

Бұл жиынға ұлттық құраманың көшбасшы спортшылары мен қатар жастар да шақырылған. Олар жастар арасындағы Азия чемпионаты мен Олимпиада ойындарына дайындалады. Ал ұлттық құрама мүшелері 1-3 ақпан күндері Иран астанасы Тегеран қаласында өтетін жабық кешендегі Азия чемпионатына дайындалады.

Өскемендегі жаттығып жатқан спортшылар тізімі:

Ерлер

1.       Дмитрий Коблов (400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру)

2.       Андрей Соколов (400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру)

3.       Роман Лошкарев (биіктікке секіру)

4.       Никита Филиппов (сырықпен секіру)

5.       Сергей Григорьев (сырықпен секіру)

6.       Рүстем Әлмағамбетов (100, 200 метрге жүгіру)

7.       Михаил Литвин (400 метрге жүгіру)

Әйелдер

8.       Ольга Сафронова (100, 200 метрге жүгіру)

9.       Рима Кашафутдинова (100, 200 метрге жүгіру)

10.   Анастасия Тулапина (100 метрге жүгіру)

11.   Александра Романова (400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру)

12.   Аделина Ахметова (400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру)

13.   Екатерина Парамонова (800 метрге жүгіру)

14.   Марина Зайко (400 метрге жүгіру)

15.   Лаура Ахметова (үш қарғып секіру)

16.   Анастасия Ермакова (сырықпен секіру)

17.   Яна Тойбаева (сырықпен секіру)

18.    Полина Иванова (сырықпен секіру).

Соңғы жаңалықтар