Жеңіл атлетикадан халықаралық турнир: Қазақстан еншісінде – 52 медаль
2021 жылғы 28 қараша 22:02

Жеңіл атлетикадан халықаралық турнир: Қазақстан еншісінде – 52 медаль

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 2004-2005 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, жалпы командалық есеп бойынша, Қазақстан қоржынында – 52, Тәжікстанда – 9, Өзбекстанда – 16, Қырғызстанда 1 медаль бар.

«Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде екі күн бойы өткен жарысқа барлығы 155 спортшы қатысты. Ел намысын Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарынан юниорлар қорғады.

Олар жеңіл атлетиканың бірқатар дисциплинасында сынға түсті: 60 метрге жүгіру, 60 метрге кедергімен жүгіру, 200, 400, 800, 1500, 3000 метрге жүгіру, 3 000 метрге спорттық жүріс, ядро лақтыру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, эстафеталық 4х200 метр, 12 жеке түр + 1 эстафета және 4х200 метрге аралас эстафета.




Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT