+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Жеңіл атлетикадан ел чемпионаты: 60 метрге жүгіруден отыз жыл өзгермеген рекорд жаңарды

2020 жылғы 21 қаңтар 23:05
Бөлісіңіз:
Жеңіл атлетикадан ел чемпионаты: 60 метрге жүгіруден отыз жыл өзгермеген рекорд жаңарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында Қарағанды құрамасы бірінші орынға ие болды. 21 жасар қарағандылық Давид Ефремов 60 метрге жүгіруде елдің рекордшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік үштігіне кірді «Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясына» жаңа басшы сайланды СҚО-да құсбегілердің республикалық чемпионаты басталды

Бұл дистанцияда отыз жыл бойы Андрей Гутовтың рекордын ешкім жаңарта алмаған болатын. 1992 жылы жеңіл атлет 7,78 с ішінде 60 метрді жүгіріп өткен.

Давид Ефремов бұл көрсеткіштен асып түсіп, аталмыш қашықтықты 7,67 секіндта жүгіріп өтті. Қарағандылық спортшы наурыз айында Нанкин қаласында (Қытай) өтетін әлем чемпионатына нормативті орындады. Жерлесімізді Николай Барсанов жаттықтырады.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған жеңіл атлетикадан Қазақстанның XXIX чемпионаты 17-18 қаңтарда Өскемен қаласында Ольга Рыпакова атындағы спорт манежінде өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 260 спортшы қатысты.

Біріншілікте нәтижелерді бағалау үшін алғаш рет Finish LYNX «ақылды» жабдығын пайдаланды. Оның көмегімен спортшылардың нақты қадамдастыру және фотофиниші анықталды, ал барлық деректер автоматты түрде экранда көрсетіліп отырды.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қарағанды облысының спортшылары көш бастады. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының спортшылары, үшінші орынды Қостанай облысының спортшылары иеленді.

Қарағанды атлеттері 27 медальға ие болды, оның ішінде 8 алтын, 13 күміс, 6 қола.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеңіл атлетикадан әлем жарыстарында ел намысын қорғайтын болады. Үздік атлеттер 12-13 ақпанда Қытайда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT