Жеңіл атлетикадан екі қазақстандық спортшы Олимпиада жолдамасын иеленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Altay Athletics» клубының спортшы қыздары екі Олимпиада жолдамасын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

«Жеңіл атлетикадан Қазақстан біріншілігінде «Altay Athletics» клубының спортшы қыздары екі Олимпиада жолдамасын иеленді. Жарыстың екінші күні Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова нормативті орындап, бірі 2 метр, екіншісі 1,96 м биікке секірді», делінген хабарламада.

Ал, Надежда Дубовицкая Азия рекордын жаңартты.
Айта кетерлігі, жеңіл атлет Мария Овчинникова Олимпиада жолдамасын иеленді

Еске сала кетсек, 7-9 маусым аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 241 спортшы қатысып жатыр. Жарыс кестесін qazathletics.kz сайтынан көруге болады.


Соңғы жаңалықтар