Жеңіл атлетикадан ӘЧ: Қазақстандық атлеттер қай күні жарысқа шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 қыркүйек күні Катар астанасы Дохада басталатын жеңіл атлетикадан әлем чемпионатыдағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, 28 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да Ольга Сафронова жарысты бастайды. Ол 100 метрге жүгіруден іріктеу сынына қатысады. Бұл қашықтықтағы жартылай финал 30 қыркүйек күні 00:20-да, ал финал түнгі 02:20-да өтеді.

200 метрге жүгірушілер арасындағы жарыс 30 қыркүйек күні 20:05-те басталады. Бұл сында қазақстандық Михаил Литвин бақ сынайды. Ол 400 метрге жүгіруден 1 қазан күні 19:35-те сынға түседі. Жартылай финалдық сын 2 қазан күні 23:35-те, финалдық дода 4 қазан күні түнгі 01:20-да өтеді.

Ұлттық құрама үздігі Ольга Рыпакова 3 қазан күні 19:40-та жарысты бастайды. Бұл бәсекенің финалы 5 қазан күні 23:35-ке жоспарланған.

Жарыстың сегізінші күні спорттық жүрістен Георгий Шейко сынға түседі. Ол 20 шақырымға жарыста ел намысын қорғамақ. Бұл бәсеке түнгі 02:30-да басталмақ.

Ал Ядро лақтырушы Иван Иванов 5 қазан күні 23:05-те жарыс жолына шықса, әйелдер эстафетасынан іріктеу кезеңі 4 қазан күні 23:40-та басталады. Финал 5 қазан күні 01:05-ке жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар