Жеңіл атлетикадан АЧ: Қазақстан құрамасы эстафетадан чемпион атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-дан мәлім еткеніндей, Қазақстан ерлер құрамасы эстафеталық жарыста үздік шықты. Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс пен Михаил Литвин 3:09.15 секунд нәтижесімен ел рекордын тіркеді.

Күміс жүлде Қатар командасына (3:09.26), қола Тәжікстан құрамасына бұйырды.

Қазіргі кезде ұлттық құрама қоржынында 4 алтын, 3 күміс пен 2 қола бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түскенін жазған болатынбыз.


Фото Спортты дамыту дирекциясының инстаграм парақшасынан алынды

Соңғы жаңалықтар