Жеңіл атлетикадан АЧ: Федерация төрағасы Даниал Ахметов дайындық барысын тексерді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын өткізуге дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2022 жылы елімізде жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өткізілмек. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының төрағасы Даниал Ахметов ауқымды доданы қабылдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар барысын тексерді.

«Келесі жылы ел аумағында жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын өткіземіз. Бұл біздің спортшыларымыздың нағыз шеберлігін көрсетуге ғана емес, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізе алатынымызды дәлелдеу үшін үлкен мүмкіндік береді. Чемпионаттың ұйымдастыру комитетінің кеңесі болды. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Qazaqstan« жеңіл атлетикалық кешенінде атлеттер мен жанкүйерлер үшін нағыз спорттық мереке ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған», - деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ федерация төрағасы 11-13 ақпан аралығында болатын Азия чемпионатын өткізу үшін құрылған негізгі аренаны, қосымша ғимараттар мен жабдықтардың жағдайын тексерді.


Соңғы жаңалықтар