Жеңіл атлетика: Оңтүстік Кореяда үш спортшы ел намысын қорғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық сырықпен секіруші үш спортшы Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін дәстүрлі халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған додада еліміздің намысын бұл жарыста Никита Филиппов, Сергей Григорьев және Михаил Буда қорғайды. Турнир 18-19 мамыр күндері өтеді.

Бұл жарысқа жылда әлемнің ең үздік сырықпен секірушілері қатысады. Олар ересектер, жастар және әйелдер арасында жүлдені сарапқа салады. Қазақстан атлеттері осыған дейін Пусанда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Айталық, 26 жастағы Никита Филиппов бұған дейін үш рет чемпион атанған. Сергей Григорьев екі рет топ жарған. Михаил Буда бір мәрте жастар арасында бірінші орын, бір рет қола жүлде еншілеген.

Оңтүстік Кореяға Қазақстан спортшыларын Сергей Кулибаба бастап барады.

Жарыс кестесіне сәйкес жастар алдымен 18 мамырда сайысқа түседі. Аталмыш дода IAAF сертификатына ие болған.

Соңғы жаңалықтар