Жеңіл атлетика: Қазақстандықтар Беларусьте екі медаль еншіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Брест қаласында жеңіл атлетикадан Беларусь ашық кубогының алғашқы жарыс күні аяқталып, қазақстандықтар екі медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Дмитрий Иванчуков күміс медаль жеңіп алды. Ол аталған қашықтықты 8:51.54 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, ҚР спорт шебері нормативін орындады.

Осы қашықтыққа жүгіруден әйелдер арасындағы сында Татьяна Нерознак қола медальға қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған кубокқа Қазақстан сапынан төрт спортшы қатысатыны туралы жазғанболатынбыз.

Атап айтар болсақ, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Ислам Аманғос, 1500 метр және 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Рахымжан Келманов сынға түссе, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Дмитрий Иванчуков ел намысын қорғайды. Ал 1500 метрге жүгіруден Виктория Сергеева сынға түсуде.

Жарыс 21 шілдеде өз мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар