Жеңіл атлетика: Беларусь кубогына 4 қазақстандық қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19-21 шілде аралығында Беларусьтің Брест қаласында жеңіл атлетикадан Беларусь ашық кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, аталған жарысқа Қазақстан сапынан төрт спортшы қатысады.

Атап айтар болсақ, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Ислам Аманғос, 1500 метр және 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Рахымжан Келманов сынға түссе, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Дмитрий Иванчуков ел намысын қорғайды. Ал 1500 метрге жүгіруден Виктория Сергеева сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар