Жеңіл атлетика: Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 қыркүйек күні Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Додаға Қазақстан атынан сегіз спортшы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Дохадағы әлем біріншілігіне Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Ольга Сафронова (100, 200 метр, эстафета), Георгий Шейко (спорттық жүріс), Светлана Голендова (эстафета), Элина Михина (эстафета), Рима Кашафутдинова (эстафета), Михаил Литвин (400 метр), Иван Иванов (ядро лақтыру) қатысады.

«6 қыркүйекке дейін өткізілген жарыстардан соң сегіз спортшы әлем біріншілігіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Биылғы маусым жақсы қарқынмен өтті. Біздің спортшылар әлем чемпионатын қабылдайтын стадионда бақ сынап көрді. Азия біріншілігі Дохада өткен болатын. Бүгінде команда мүшелері оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Анталияға кетті (Түркия). Жиынды өткізу аймағы климаттық жағдайларға байланысты өте маңызды саналады. Бірінші кезеңді біз Ыстықкөлде (Қырғызстан) өткіздік. Түркияда синтетикалық жабдық үстінде дайындаламыз. Біздің атлеттермен бірге голландиялық маман Хенк Краайенхоф жұмыс істеуде. Ол екі айдан бері спортшыларымызға кеңес беріп келеді. Олимпиада қарсаңында өткелі отырған әлем чемпионатында атлеттеріміз жақсы нәтиже көрсетуге тырысу керек», - дейді бас бапкер Ерлан Ибрайым.


Соңғы жаңалықтар