+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Жеңіл атлетика: Ақмоланың әйелдер құрама командасы ел чемпионы атанды

2020 жылғы 22 қаңтар 05:33
Бөлісіңіз:
Жеңіл атлетика: Ақмоланың әйелдер құрама командасы ел чемпионы атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Жеңіл атлетикадан Ақмола облысының әйелдер құрама командасы республикалық біріншілікте 4х200 метр қашықтыққа жүгіруде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Өскемен қаласында жабық манежде жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Екі күнге созылған жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 249 атлет (оның 159 ер, 90 әйел) қатысты.

«Ақмолалық спортшылар әр түрлі деңгейде бес медаль иеленді. Маргарита Назаренко, Ксения Яценко, Эльвира Тахауова және Юлия Сыромяжкодан құралған әйелдер құрамасы 4х200 метр қашықтыққа республика чемпионы атанды. Тахиржан Қадырқұлов ұзындыққа секіруден екінші орын иеленсе, биіктікке секіруден Василий Счастливый мен 800 метрге жүгіруден Эльвира Тахауова үшінші орынға тұрақтады.

Сонымен қатар, 4х200 метрге эстафеталық жарыста Ақмола облысының ерлер құрамасы (Артем Трайбер, Антон Герасимов, Валерий Нисневич және Илья Алиев) да үшінді орынан көрінді», - дейді ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT