Жеңіл атлет Мария Овчинникова Олимпиада жолдамасын иеленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жеңіл атлет Мария Овчинникова Олимпиада жолдамасын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

«Осы күндері Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Мария Овчинникова Токио Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды. Мария өзінің ең жақсы мүмкіншілігінде 14.34 метр нәтиже көрсетті», делінген хабарламада.

Спортшы жүгіріп келіп ұзындыққа секіруден осындай нәтиже көрсеткен.

Еске сала кетсек, 7-9 маусым аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 241 спортшы қатысып жатыр. Жарыс кестесін qazathletics.kz сайтынан көруге болады.



Соңғы жаңалықтар