Женевадағы автосалон коронавирусқа байланысты тоқтатылды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Женевадағы халықаралық автосалон жұма күні Швейцария билігі коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында жаппай шараларға тыйым салу туралы бұйрық жариялағаннан кейін тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

5-15 наурыз аралығында өтуі тиіс Еуропа автомобиль индустриясы танымал көрмесі жетекші өндірушілердің көптеген жаңа өнімдерін көрсетуге дайындалған еді.

Швейцария билігі мыңнан астам адам қатысатын шаралардың 15 наурызға дейін тоқтатылатындығын жария етті.

«Бұл қадам Швейцария тұрғындары мен қоғамдық денсаулық сақтауды қорғауы тиіс», - делінген Швейцария федералдық кеңесінің мәлімдемесінде.

«Бұл Швейцарияда аурудың таралуының алдын алады», - деп атап өтті Швейцария билігі.

Қазіргі уақытта елде тоғыз адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды The Local.

Өткен жылы Женева автосалонына 600 мың адам келген.

Айта кетейік, бұдан бұрын осы айда коронавирустың өршуіне байланысты Барселонада Mobile World Congress мобильді технологиялар халықаралық көрмесі тоқтатылған еді.


Соңғы жаңалықтар