Женевада Қазақстан Сыртқы істер министрі екіжақты кездесулер өткізді

None
None
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі отырысының аясында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры Роберто Азеведомен кездесу барысында тараптар маусым айында Нұр-Сұлтандағы ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясының дайындық барысын талқылады. Тұрақты және болжамды халықаралық сауда жүйесін құру және ДСҰ реформалау контекстінде форумның жоғары өзектілігі, сондай-ақ Министрлік форумы қарсаңында өткізілетін ДСҰ мәселелері бойынша парламенттік конференцияның маңыздылығы атап өтілді.

Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен өткен кездесуде сұхбаттасушылар Қазақстанның Женевадағы БҰҰ жүйесінің ұйымдарымен ынтымақтастығын жандандыру перспективалары туралы пікір алмасты.

М. Тілеуберді екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Швейцария мен Финляндия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Игнацио Кассис және Пекка Хаавистомен кездесті.


Соңғы жаңалықтар