«Жэньминь жибао» газетінің президенті «ҚазАқпаратты» 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жэньминь жибао» газетінің президенті Ли Бао Шан «ҚазАқпарат» агенттігінің басқарма төрағасы Асқар Умаровқа агенттіктің 100 жылдық мерейтойына орай құттықтау хат жолдады.

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жэньминь жибаоның» шынайы құттықтауын қабыл алыңыздар!

«ҚазАқпарат» агенттігі - Қазақстандағы ұлттық жаңалықтар агенттігі және маңызды халықаралық ақпарат агенттігі. 1920 жылы құрылған уақыттан бастап осы уақытқа дейін «ҚазАқпарат» саясат, экономика, қоғам және спорт сияқты түрлі салаларда шынайы, объективті және беделді ақпаратты Қазақстан мен әлемге таратуда», делінген Ли Бао Шанның құттықтауында.

Ол «Жэньминь жибао» газеті әрдайым «ҚазАқпарат» агенттігімен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін атап өтті.

«Сондықтан «ҚазАқпарат» агенттігін мерейтоймен құттықтау біз үшін маңызды. «Бір белдеу - бір жол» Жаңалықтар ынтымақтастығы альянсының аясында біздің тараптар соңғы жылдары, әсіресе жаңалықтармен алмасу және кадрлар даярлау саласында көптеген жақсы байланыс орнатты. Екіжақты бірлескен күш-жігердің арқасында екі халық арасындағы өзара түсіністікке ықпал етіп, Қытай мен Қазақстан арасындағы тұрақты стратегиялық серіктестіктің дамуына үлес қоса аламыз деп үміттенеміз.

Болашақта ынтымақтастықты нығайтуға және достықты тереңдетуге үміт артамыз. «ҚазАқпарат» агенттігін сіздің басшылығыңызбен жақсы дамуын шын жүректен тілеймін. Сізге және барлық әріптестеріңізге мықты денсаулық және бақыт тілейміз!», - деді «Жэньминь жибао» газетінің президенті.


Соңғы жаңалықтар