USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Жемқорлықты жоймаған университеттер лицензиясынан қағылуы мүмкін

2020 жылғы 15 желтоқсан 12:04
Бөлісіңіз:
Жемқорлықты жоймаған университеттер лицензиясынан қағылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жемқорлықты жоймаған университеттер тиісті бағыт бойынша лицензиясынан қағылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Arizona» университетіне сенімгерлік басқаруға берілмек Гуманитарлық мамандықтармен әуестену кезеңі келмеске кетті - Президент

«Адал білім» аудиті өткізіліп жатыр. Осы аудитті келесі жылдың ақпан айының соңына дейін аяқтау қажет. Одан кейін тиісті жоспар бекітетін боламыз. Бұл өте маңызды мәселе. Екіншіден, жоғары оқу орнында жемқорлық фактілеріне жол бермеу қажет. Бұл мәселені түбегейлі жоюға болады. Біраз университет оны бүгін жойды деп айта аламыз. Жалпы, осы мәселеден мүлдем аулақ жүрген кейбір университет бар. Демек, университеттің басшысы қаласа, мұндай проблеманы жоюға болады деген сөз. Яғни, бұл сол оқу орнында қабылданған саясатқа байланысты. Егер кейбір университет бұл мәселені жойса, басқа университеттердің қолынан бұл әлі келмей отырса, онда «неге?» деген сауал пайда болады», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Министр жемқорлық фактілері анықталған университеттерге қатысты ұсыныс болғанын атап өтті.

«Тиісті бағыт бойынша ең алдымен лицензияны тоқтату, одан кейін тағы да қайталанған жағдайда лицензияны қайтару бойынша норманы зерттеу керек. Егер заң жүзінде орындалатын және зерттеу нәтижесінде дұрыс шешім болса, біз мұндай норманы қабылдауға дайынбыз. Өйткені, жоғары оқу орындарындағы жемқорлықты жою керектігі айтылғанына біраз уақыт болды. Бірақ, проблема бар, оны түбегейлі шешуіміз керек. Тиісті бағыттағы лицензиясынан айыру керек болса, онда мұндай шешімді де қабылдауға дайынбыз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT