Жемқорлықтан түскен ақшаға арналған шотта 100 млрд теңге жатыр – Ерұлан Жамаубаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлықтан түскен ақшаға арналған шотта қанша қаражат жатқанына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық істері аясында алынған қаражат арнайы шотта жиналады. Бұл шот білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағытталған. Қазір онда шамамен 100 млрд теңге жинақталған. Бұл қаражат еліміздің мектептерін салуға және жөндеуге бағытталады», - деді Ерұлан Жамаубаев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Бұған дейін министр алдағы нақтылау кезінде республикалық бюджеттің шығыс бөлігін қысқарту жоспарланғанын мәлім еткен еді.

«Бюджетті жоспарлау процесінде шығындар оңтайландырылады және бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Жақын арада біз биылға арналған республикалық бюджеттің шығыс параметрлері мен бағыттарын нақтылаймыз. Бұл ретте Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамалары мен тапсырмаларына баса назар аударылады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар