+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Жемқорлықпен күресушілер адамдарды азаптады деген күдікке ілініп отыр

2019 жылғы 26 қазан 11:25
Бөлісіңіз:
Жемқорлықпен күресушілер адамдарды азаптады деген күдікке ілініп отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы Медеу аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды Ауыр жүк көлігі иелерінен пара алып келген инспекторлар сотқа тартылды Ақмолада лауазымды полицей бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда

«ІІМ өкілдері азаматтарды қабылдау барысында Шығыс Қазақстан облысында тұратын «Т» және «Б» есімді азаматтардан шағым келіп түсті. Осы жылдың 24 қазанында ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті ШҚО жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің аталған тұлғаларға зорлық-зомбылық көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хаарлады. Қазіргі уақытта ШҚО жемқорлыққа қарсы қызметінің 4 қызметкері ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлімі 1-тармақшасында көзделген қылмысты жасаушы күдікті деп танылған», - делінген ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті таратқан ақпаратта.

Азаматтарды қабылдау кезінде ІІМ өкілдері жемқорлықпен күресушілер тарапынан тергеу кезінде тыйым салынған әдістерді қолдану фактілері бірен-саран емес екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сонымен қатар оның Ақмола және Алматы облыстық аумақтық департаменттері қызметкерлерінің зорлық-зомбылық әрекеті бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселеге айрықша назар аударған болатын.

«Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ», - деп атап өткен еді Мемлекет басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT