Жемқорлықпен күрес бүкіл қоғам мәселесі – депутат

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев коронавирус кезінде елдегі проблемалар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус індеті бүкіл әлемді өзіне қаратқан оқиға болып тұр. Ол адам шығыны мен қатар экономикаға өз зардабын тигізуде. Пандемия кезінде көптеген елдердің экономикалық проблемалары айқындала бастады, оның ішінде біздің елде бар. Яғни, карантин мен төтенше жағдай елдегі проблемаларды көрсетіп берді. Пандемия ел экономикасына кері әсерін тигізді. Әрине ол проблемалар пандемияның кезінде ғана пайда болған, бұрыннан бар тек пандемия кезінде ол үдейе түсті. Ал біздің экономикамыздың алғашқы проблемасы оның шикізат және мұнай ресурстарына тәуелділігі. Біз үнемі шикізат қорына үміт артып отырмауымыз керек, өнімдерді өзіміз өндіруіміз қажет. Елді қарапайым затпен қамтамасыз ету үшін оны шетелден сатып аламыз. Біз ендігі уақытта өзіміз өндіруіміз қажет, себебі пандемия кезінде шекаралар жабылып қажетті дүние тапшылығын көрдік», - деді Нұржан Әлтаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі агенттігінде өткен онлайн конференция барысында.

Сондай-ақ, халық қалаулысы елдегі сыбайлас жемқорлық мәселесін көтерді.

«Екінші проблема ол сыбайлас жемқорлық. Біз адамдардың қарапайым медициналық қызметтерді ала алмаймай қалған жағдайлар тіркелді. Осындай жағдайдан кейін біз сыбайлас жемқорлықты жоюымыз қажет. Себебі бұл еліміздің ең үлкен проблемасына айналуы мүмкін. Жемқорлықпен күрес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің немесе құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, ол бүкіл қоғам мәселесі. Қоғам жемқорлықпен күресте өз белсенділігін таныту қажет», - деді ол.

Оның айтуынша, экономиканың көптеген саласына монополия кері әсерін тигізуде.

«Өкінішке қарай, экономиканың көптеген саласында монополия орын алуда. Мысалы, дәрі-дәрмекті жеткізуге қатысты айтар болсақ, ол 3-4 компанияның өзіндік ұя салып алуынан дәрі тапшылығы туындады. Бұнымен толықтай күресуіміз қажет және мұндай жағдай барлық салада бар. Адамдардың қарапайым медициналық қызметтерді ала алмауы бұл өте маңызды мәселе. Бұл проблеманың тамырын жою керек. Оны жоюда қоғамның рөлі зор. Сол сияқты мемлекеттік органдар тарапынан да нақты реформаларды талап етеді. Біз жалпыхалықтық ой-талқы жүргізіп, осы аталған проблемалардан қиындықсыз шығу шараларын қарастырдық. Кез келген бастама ашық талқылауға түсуі қажет», - деді Н. Әлтаев.


Соңғы жаңалықтар