Жемқорлықпен күрес: Ақтөбеде 30-дан астам дәрігер түрмеде болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің бас дәрігерлеріне түзету мекемесіне саяхат ұйымдастырылды. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «Өз бостандығыңды бағала!» экскурсиясын ұйымдастырды. Оған медицина мекемелерінің 30-дан астам бас дәрігері қатысты.


Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шара 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.

«Басты мақсат – медицина, білім саласындағы, мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жемқорлыққа жол берген қызметкердің жазасы мен бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі жағдайды көрсету болды», - деді «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев.


Тергеу изоляторының қызметкерлері экскурсия қатысушыларына қамаудағыларға арналған жатақхананы, тергеу кабинеттерін, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған камераларды, серуендеуге арналған алаңдарды және тамақтану орындарын көрсетті.

Айта кетейік, өткен жылы жемқорлыққа жол берген 14 адам сотталды. Барлығы 7 полиция қызметкеріне айыппұл салынса, мектеп есепшісі шартты жазаға кесілді. Лауазымды тұлғаға пара ұсынған бір дәрігер айыппұлмен құтылды. Тағы 10 іс соттың қарауында.



Соңғы жаңалықтар