+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Жемқорлықпен күрес: Ақмола облысында емдеу мекемесінің басшысы ұсталды

2021 жылғы 8 сәуір 15:56
Бөлісіңіз:
Жемқорлықпен күрес: Ақмола облысында емдеу мекемесінің басшысы ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде «Авиценна» емдеу-алдын алу мекемесінің басшысы Жанар Молдантаева ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында ауру жұқтыру көбейген Данияр Бегайдаров: Біздің өзімізге пара ұсынатындар бар Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің желіде тараған жаңа қаулысы - фейк

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты судьясының 2021 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен күдікті Жанар Молдантаеваға қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

«Сотқа дейінгі тергеу органдары Ж.Молдантаеваға Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4 бөлігінің 2 тармағында (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік келтіріп отыр», - деп атап өтті ведомстводан.

Қаулы Ақмола облыстық сотының апелляциялық алқасына шағымданды.

Айта кетейік, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Ильясов Сулен өзіне сеніп берілген өзгенің мүлкін иемдену немесе шығындағаны үшін күдікке алынған болатын. Күдіктіге қатысты 1 сәуірде екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сот қаулысына апелляциялық алқаға шағым жасалды.

Ведомстводан атап өткендей, апелляциялық істерді қарау бүгінгі күнге тағайындалды. Күдіктілердің екеуі де бір баптан өтіп, бір күні қамауға алынды. Бірақ бұл екі мәселе байланысты ма, жоқ па, әлі анықталған жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT