Жемқорлықпен күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша өкілдігіне жаңа басшы келді

None
None
НҮР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Марат Ахметов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа басшыны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов таныстырды.

Мұрат Ахметов С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының кандидаты.

1992-2005 жылдары Павлодар облысының прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2005-2007 жылдары ҚР Бас прокуратурасының департамент бастығы.

2007 жылдан 2014 жылға дейін Нұрсұлтан қаласының, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары прокуратурасында басшылық лауазымдарды атқарды.

2014-2019 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басшысы болды.

Қазіргі тағайындауға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1 департаментінің басшысы болды.


Соңғы жаңалықтар