Жемқорлыққа қарсы ведомстволардың жемқор қызметкерлерімен ҰҚК күресетін болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлеріне қатысты қылмыстарды тергеу құқығын беру ұсынылып отыр. 

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық қауіпсіздік органдарына арнаулы мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері мен әскери қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істерді тергеу құқығын беру ұсынылып отыр. Аталған түзету олардың қызметтерінің ерекшелігімен сипатталуда, сондай-ақ осы санаттағы істер бойынша баламалы теңгерімді қамтамасыз етеді»,-деді Меркель «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Сонымен қатар заң жобасында Қылмыстық-процестік кодексте прокурордың шешімдеріне тергеушінің шағым жасау құқығын кеңейту ұсынылады.

Талқылаулардан кейін палата депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 

Соңғы жаңалықтар