+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Жемқорлыққа қарсы республикалық штаб жастармен кездесті

2020 жылғы 13 ақпан 05:48
Бөлісіңіз:
Жемқорлыққа қарсы республикалық штаб жастармен кездесті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб өңір жастарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейлік мемлекеттік қызметшілер түрмеде болып қайтты Семейде білім саласындағы жемқорлықпен күрестің жаңа әдісі ұсынылды Жемқорлықпен күрес күн тәртібінен түскен жоқ – Сәкен Қалқаманов

Шараға жергілікті жоғарғы оқу орындары мен колледждердің 400-ге жуық студенті қатысты.
Кездесу барысында сөз сөйлеген штаб төрайымы Ырза Тұрсынзада штабтың құрылу мақсатын айтып, өскелең ұрпақты парасатты, адал әрі әділ болуға, қоғам арасында ежелден қалыптасқан құндылықтарды сақтауға шақырды.

«Агенттік игі бастама көтеріп, белсенді қоғам өкілдерімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штаб құрды. Жұмыс сапары барысында студенттермен кездесудің сәті түсті. Шынымды айтсам, ақтөбелік жастарға әрқашан риза боламын. «Біреудің ала жібін аттама» деген халқымыз өзгенің жайлауын рұқсатсыз баспай, парасаттылық пен ұятты барлығынан биік қойған. Адал сөзге арсыз ғана тоқтамайды. Сіздер аппақ парақ секілді өмірді енді бастағалы жатырсыздар. Сондықтан, бүгін біз айтқан сөзді көкейге түйіп, жүрекке жеткізесіздер деген сенімдемін», - деді Ырза Тұрсынзада.

Ал агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы алдын-алу шараларының маңыздылығы жөнінде баяндап, жастарды уақытты дұрыс жоспарлауға, дұрыс білім алуға, бәсекеге қабілетті маман болуға шақырды.

«Бір мысал айтайын. Елдің бір түкпіріндегі беделді ақсақал тұрғындарға арнап емхана салып, өмір бойы соны өзі басқарған. Кейін абыроймен зейнетке шықты. Бас дәрігер лауазымына өзінің қызы келеді. Таныс-тамыр, сыбайластық емес, расында да білімі мен еңбегі мықты. Алайда қызы аяғын шалыс басып, 150 мың теңге пара алып тұрған жерінде ұсталып қалды. Уайымдап, қайғырған анасы төсек тартып, кейін дүние салады. Ел арасында ерекше құрметке ие әкесі, көрші-қолаңнан ұялып, көшеге шығудан қалады. Әлгі азаматша 150 мың теңгеге өзінің анасын қайтарып ала ала ма? 150 мың теңгеге асқар таудай әкесінің беделін қалпына келтіре ала ма? Ойланбай жасаған бір әрекет өмірлік өкінішке айналып кетуі мүмкін. Пайда ойлағандар пара береді, арсыздар ақша көрсе ала береді. Жастар, бауырлар, әрқашан да адал болып, ата-ананың үмітін ақтауға сіздерді шақырамын» - деді Арман Бердалин.

Жиналған жастар штаб мүшелеріне алғыс айтып, өздерін қызықтырған сұрақтарға тиісті жауап алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT