Жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыдағы Медеу ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысын ұстады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросының департаменті Медеу ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С.Сабалиев пен азамат А.Әбіжановты ұстады.

Ұлттық бюро баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандардың алдын ала келісіп, бірқатар жалған кәсіпорындар («Prestige строй» ЖШС және т.б.) құрып, 2014-2015 жылдар аралығында жүйелі негізде жалпы сомасы 2,5 млрд.-тан астам теңгеге ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қазіргі кезде Сабалиев пен Әбіжанов ҚР ҚПК 128-бабының негізінде ұсталып, Алматы қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар