Жемқорлыққа қарсы күреске қоғам болып жұмылу керек – Аманжол Әлтай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «AntikorLive» жобасының кезекті қонағы ақтаңгер ақын атанған, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтай болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әңгіме сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы дәстүрлі құндылықтардың маңыздылығына арналды.

Қонақ қазақ қоғамының ежелден бері сыбайлас жемқорлықтан жиренгенін сөзге тиек етті. Бұған адамның адалдығы мен, әділдігін, парасаттылығын ұлықтап, сатқындық пен арамзалықты сынайтын қазақ ақындары мен философтарының көптеген шығармалары дәлел бола алады.

«Сыбайлас жемқорлық жайлаған елде береке болмайды. Ұлт болып ұйысудың жолы – жемқорлықтан аластау, тек осы кеселден айыққанда ғана еліміз сауыққан, салауатты жолға шығады» - деп өтті А.Әлтай.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы айта келіп, ол бұл мәселеде екі бағытта – білім беру деңгейін арттыру және жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу бағытында аянбай еңбек ету қажеттігіне назар аударды. Осы тұрғыда Аманжол Әлтай «Рухани мұра» пәнін оқытуды қайта бастаудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұрын Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де оқытылған бұл курс бүгінде өзінің өмірлік қажеттілігі мен өзектілігін көрсетіп отыр. Сондықтан, ол бұл идеяны бүкіл елге таратуды ұсынды.

А.Әлтайдың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелерінде жазаны қатаңдату керек, өйткені сыбайлас жемқорлық – бұл бүгінгі ұрпаққа ғана емес, болашаққа да зиян келтіретін әрекет.


Соңғы жаңалықтар