Жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облыстық департаментіне жаңа басшы келді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Мақсат Жебегенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне басшы болып тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын бітірген.

2002-2022 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында, оның ішінде ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Жаңа тағайындауға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар